Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау облысында автобус жол апатына ұшырап, 4 адам қаза тапты

Маңғыстау облысында автобус жол апатына ұшырап, 4 адам қаза тапты
Фото: Көлік министрлігінің баспасөзі

16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысында KZ-11 автожолында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, төрт адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үш жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Көлік министрлігінің айтуынша, оқиға 16 қаңтар күні шамамен 01:03-те KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» бағыты өтетін тасжолдың 383-шақырымында болған. Алдын ала дерек бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытына бет алған автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

Ведомство мәліметінше, автобус 2025 жылдың 19 желтоқсанында техникалық байқаудан өткен. Сондай-ақ көлік «CASPIAN TRANS CORPORATION» LLC компаниясында тіркелгені айтылды. Оқиға болған учаске техникалық II санатқа жатады.

Көлік министрлігі жол жамылғысы асфальтбетонды екенін, жолдың ені 9 метрді құрайтынын хабарлады. Тексеру барысында жол жамылғысында ақаулар анықталмаған. Жол белгілері бекітілген дислокацияға сәйкес толық көлемде орнатылғаны көрсетілген.

Апат салдарынан автобуста болған 50 жолаушының төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Ресми ақпаратта автобус тізгінінде 1985 жылы туған жүргізуші болғаны, ал жол-көлік оқиғасы орын алған жерден шамамен 200 шақырым бұрын екінші жүргізушіге ауысқандығын айтты.

Қазір бұл факті бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер