Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау облысында адамдарға қасқыр шабуылдап жатыр - новости Казахстана

Маңғыстау облысында адамдарға қасқыр шабуылдап жатыр - новости Казахстана

Маңғыстау облысы Тұпқараған ауданында адамдарға қасқырлар шабуылдап жатыр. Бөрілер Түпқараған ауданы Аташ ауылының үш тұрғынына тап беріп, беттерін жыртып кеткен екен деп хабарлайды 31 арна.

Фото: zabavnik.club

Адамдарға шабуыл жасаған қасқырларды зардап шеккен азаматтардың бірі атып тастаған. Артынша жәбірленушілерге құтыруға қарсы екпе егіліп, үйлеріне жеткізілген.

Ал ауыл тұрғындары "қызыл қасқыр" деп атайтын бөрі өлексесінің биологиялық сынамалары Маңғыстау облыстық ветеринарлық ауруханаға жеткізілген.

Дегенмен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары Қазақстанда "қызыл қасқырдың" жоқ екенін, адамдарға тап берген шибөрілер екенін айтып отыр.

"Адамдардың барлығы екпе алған. Қызыл қасқыр деп айтылады. Ол әлі нақтыланып жатыр. Шакал дейді ғой, сондай болуы да мүмкін", - деді Маңғыстау облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі Шамғали Хамиев.

Дереккөз: 31 арна.

Автор
Арман