Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау облысында 58 оқушы астан уланды

Маңғыстау облысында 58 оқушы астан уланды

Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы астан уланып, дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Kznews.kz. 





Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.

- Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.

Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары