Ақтау қаласындағы Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп лицейіне және №3 жалпы білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, сондай-ақ Нұртас Оңдасынов атындағы № 5 орта мектепке жылжымалы көрмелермен барып, экскурсиялар ұйымдастырды.
Оқушылар арасына «Парасат» қоғамының жетекшісі С.Шапағатовқа арналған «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінде», Ә.Тұяқовқа арналған «Ақмышта туып, АҚШ-та озған Әминім», Ә.Қастеевке арналған «Бейнелеу өнерінің бас тұлғасы» атты жылжымалы көрмелер, музей қорынан зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, тағы басқа ұлттық мұраларды қамтитын этнографиялық көрме, «Маңғыстаудың жануарлар әлемі» тақырыбында құстардың, жануарлардың тұлыптары апарылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы