Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда

Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда

Ақтау қаласындағы Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп лицейіне және №3 жалпы білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, сондай-ақ Нұртас Оңдасынов атындағы № 5 орта мектепке жылжымалы көрмелермен барып, экскурсиялар ұйымдастырды.

Оқушылар арасына «Парасат» қоғамының жетекшісі С.Шапағатовқа арналған «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінде», Ә.Тұяқовқа арналған «Ақмышта туып, АҚШ-та озған Әминім», Ә.Қастеевке арналған «Бейнелеу өнерінің бас тұлғасы» атты жылжымалы көрмелер, музей қорынан зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, тағы басқа ұлттық мұраларды қамтитын этнографиялық көрме, «Маңғыстаудың жануарлар әлемі» тақырыбында құстардың, жануарлардың тұлыптары апарылды.

- Көрмені 700-ге жуық мектеп оқушылары тамашалады және олардың көрме жәдігерлеріне қызығушылығы жоғары болды. Музей ұжымы атынан жоғары түсіністікпен қабылдаған және көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мектеп басшыларына алғыс айтамын. Алдағы уақытта өзге де мектептерге көрме-экскурсиялар ұйымдастыру жалғасын таба беретін болады, дейді музейдің қоғаммен байланыс менеджері Әлия Наушабаева.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Автор
Арман