Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәңгілік алауға ет қуырған адам ұсталды

Мәңгілік алауға ет қуырған адам ұсталды

Риддерде тәртіп сақшылары Даңқ обелискісіндегі Мәңгілік алауда тауық етін қуырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды kznews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, вандализм бойыша 31 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінді. Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден жауап алған.

“Бұзақы кешенді жедел іс-шаралар барысында ұсталды. Ол “Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғынжайларды, ортақ пайдаланудағы орындарды, көлік құралдарындағы және басқа да қоғамдық жерлердегі мүлікті қорлау” бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Ведомство барлық адамға тарихи ескерткіштер мен қоғамдық маңызы бар нысандарды құрметтеу керек екенін ескертті. Мұндай әрекеттер заңбұзушылық әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.