Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

МӘМС жүйесіне қатысы жоқ лауазымды адамдар қаржы жымқырған - депутат

МӘМС жүйесіне қатысы жоқ лауазымды адамдар қаржы жымқырған - депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы (ӘМСҚ) қаражаттың заңсыз жұмсалуына және «СҚ-Фармация» компаниясына қатысты жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Еске салайық, өткен жылы Бақытжан Базарбек әріптесі Мұрат Әбеновпен бірге берген өтініштің негізінде «СҚ-Фармация» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Депутаттың айтуынша, аталған компанияға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

"СҚ-Фармация" бойынша жақын арада қосымша ақпарат беріледі. Қылмыстық іс қозғалды, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ол  Мәжілісі кулуарында журналистерге.

Сондай-ақ Базарбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты да мәлімдеме жасап, қаржы жымқыру деректері бойынша Бас прокуратураға арыз жолданатынын айтты.

"Осы аптада әлі құқықтық баға берілмеген фактілер бойынша Бас прокуратураға өтініш түсіреміз. Бұған дейін жауапкершілікке тартылмаған тұлғалар бар. Әңгіме МӘМС жүйесіне қатысы жоқ лауазымды адамдар туралы болып отыр. Олар міндетті түрде жауап беруі тиіс. Қаражат ұрланған, сондықтан әділ жаза болуы керек", - деді депутат.

Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов те медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлық фактілеріне қатысты пікір білдіріп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі