Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мамин ТМД және ЕАЭО үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Мамин ТМД және ЕАЭО үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы төрағалық Өзбекстанға берілген соң, премьер-министрлер 2020 жылдың 29 мамырында Ташкентте кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Жиын Мәскеудегі "Сколково" инновациялық орталығында өтті.

© Sputnik / Максим Блинов

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Шағын құрамда тараптар бірқатар маңызды мәселені талқылады.

"Қызметтер саудасы, алмасу жөніндегі келісімшарт жобасы солардың қатарында", - деді Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Кеңейтілген құрамдағы форматта тараптар құжаттарға қол қойды. Бұған дейін стандартизация, монополияға қарсы реттеу және радионавигацияны дамыту мәселесі басты назарда болатыны хабарланған еді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты

Премьер-министрлер қол қойған құжаттарға сәйкес, ТМД-ның жеке Олимпиадасы болады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің алғашқы ойындары келер жылы Ресейде өтпек. 

ТМД Олимпиадасының басты мақсаты - ұлттық спорт түрлерін сақтау және халықаралық деңгейде насихаттау. Сайыс екі жылда бір рет өткізілмек. Ойынды өткізетін ел орыс тіліндегі әліпби тәртібімен анықталады.

© Sputnik / Максим Блинов

Кеңейтілген құрамдағы форматта тараптар бірқатар құжатқа қол қойды

Қатысушылар ұйым аясындағы интеграцияны тереңдетуді ұсынды. ТМД-дағы төрағалық 2020 жылы Өзбекстанға беріледі. 2019 жылы Түрікменстан төрағалық етуде.


sputniknews.kz
Автор
Арман

Журналист