Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Мамаға барып, көріп қайтайыншы»: Каспийде қаза болған сарбаздың соңғы өтініші айтылды

«Мамаға барып, көріп қайтайыншы»: Каспийде қаза болған сарбаздың соңғы өтініші айтылды

Әсет Отан алдындағы борышын өтеп, 3 қазанда туған ауылына қайтуы тиіс болған. Алайда әскери қызметін аяқтауға бес күн қалғанда қайғылы жағдайға тап болды.

Маңғыстау облысы Шетпе ауылының 20 жастағы тұрғыны Әсет Жаңабай Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың қатарында болды. Оның әскерден оралуына санаулы күн қалған еді, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы марқұмның әпкесі Sputnik.kz тілшісіне айтып берген.

Туыстарының сөзінше, Әсет оқу-жаттығуға аттанар алдында отбасымен кездесіп, жақындарымен қоштасып үлгерген. Ол демалысқа бір күнге үйіне келген.

«Мамаға барып, көріп қайтайыншы» деп сұранған. Сол күні үйге келіп, барлық туысымызбен қоштасып кеткен екен. Жарығымды соңғы рет көруіміз сол болды», – дейді әпкесі.

Марқұм теңіздегі оқу-жаттығу туралы оқиғаға дейін төрт-бес күн бұрын туыстарына айтқан. Әсетің жүзуді білмейтінін естіген жақындары алаңдаған. Алайда ол: «Мен жағасында жүремін ғой», – деп жауап берген.

Әпкесінің айтуынша, Әсет мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысатын әрі достары көп болған. Жас сарбаздың айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы болғанын жақындары да атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.