Қоғам

Әскерде қайтыс болған сарбаздың соңғы хаты табылды

Әскерде қайтыс болған сарбаздың соңғы хаты табылды

Желіде марқұмның биыл 24 ақпанда жазған хаты тарады. Онда ол өз армандары мен мақсаттарын тізіп, жақындарын қуанту, әкесіне көлік алып беру, жаңа телефон сатып алу, үйді жөндеу және жүргізуші куәлігін алу туралы жазған.

Туыстарының айтуынша, Нұрасыл 2025 жылдың 27 қыркүйегінде әскер қатарына шақырылған. Ол елге қызмет етуді үлкен абырой санап, борышын адал өтеуге бел буған.

«Біз оны жібергіміз келмеді, бірақ өзі қатты қалаған еді. “Бұл – менің парызым” деп үлкен сеніммен кетті», – дейді марқұмның туыстары.

Ресми деректе сарбаздың өліміне менингококцемия себеп болды деп көрсетілген. Алайда отбасы бұл нұсқаға күмән келтіреді. Олардың сөзінше, Нұрасыл әскерге дейін де, борышын өтеп жүргенде де дені сау болған.

«Таңертеңнен бері баламыздың денесін де көрсете алмай отырмыз. Нұрасыл өте мейірімді, адал, өмірге құштар жігіт еді. Оның өлімі – отбасымыз үшін орны толмас қаза», – деді туыстары.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz