KZNews.kz
Жаңалықтар

"Мама, тағы күйеубала керек пе?": қыз жасауына 3 қаладан 3 пәтер берген әйел жұртты таңғалдырды

Қайсар Қанат
Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде тараған бейнеролик көпшіліктің назарын аударды. Видеода қыз жасауына бір емес, үш пәтердің берілгені көрсетіледі. Бұл пәтерлер Шымкент, Алматы және BI Group тұрғын үй кешенінен алынған, деп хабарлайды kznews.kz.

Күйеу жігіттің отбасы да салт-дәстүрден аттамай, қыздың ата-анасына қалыңмал, сондай-ақ «әке күші мен ана сүті» ретінде 10 миллион теңге тарту еткен.

Қыздың төркін жақ туыстары жасау ретінде үш пәтерге қоса Mercedes көлігін де сыйға тартқан.

Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі мұны «жомарттықтың көрінісі» деп бағаласа, енді бірі дәстүр мен шектен шығу арасындағы айырмашылыққа назар аударды.

"Мама, тағы күйеу бала керек пе?", "Мұндай қызға үйленудің қажеті жоқ, өзі-ақ келін болмай-ақ қояйын дегендей", "Келін емес, тура инвестициялық жоба сияқты", – деп жазды желі қолданушылары.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары