"АвтоЦОНдағы" жемқорлық: мемлекеттік корпорацияның мұнысы несі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәһрге қымбат дүние сұраған қызды жігіт мешітте тастап кетті (ВИДЕО)

Мәһрге қымбат дүние сұраған қызды жігіт мешітте тастап кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Мешітке неке қиюға келген жас жұбайлар рәсім барысында-ақ екі жаққа кетті. Қалыңдықтың мәһрге қойған талабы күйеу жігітке ауыр тиіп, ол еш түсініктеме берместен мешіттен шығып кеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға туыстарының көзінше, той көйлегіндегі қалыңдық үшін күтпеген жағдайға айналған. Неке қию сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Бейнежазбада имам жас жұбайларға мәһрдің мәнін түсіндіріп, оның ең төменгі мөлшері шариғат бойынша 4,25 грамм алтын, яғни шамамен 150 мың теңге екенін айтады. Осы тұста қалыңдық өзінің қалауын ашық жеткізеді.

«Маған мәһрге Changan көлігі керек», – дейді ол.

Бұл сөзден кейін күйеу жігіт орнынан тұрып, бөлмеден шығып кетеді. Оның бұл әрекеті жиналғандарды әрі қалыңдықтың өзін де таңғалдырған.

Оқиға желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі қалыңдықтың талабын шамадан тыс деп сынаса, енді бірі жігіттің әрекетін жауапкершіліктен қашу деп бағалады.

«Мешітке неке қиюға келген күйеу жігіттен қалыңдық мәһрге шетелдік көлік талап еткен, жігіт некеден бас тартты. Енді мәһр де жоқ, бақыр да жоқ», – деп пікір білдірді «Түркітілдес журналистер қорының» президенті Назия Жоямергенқызы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.