Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Махаббатымыз шынайы": Бір-бірінен 37 жас айырмасы бар жұп әлеуметтік желіде танымал болған

"Махаббатымыз шынайы": Бір-бірінен 37 жас айырмасы бар жұп әлеуметтік желіде танымал болған

Жас ерекшелігі 37 жыл болатын ерлі-зайыптылар TikTok әлеуметтік желісінде танымал болған. Олардың айтуынша, махаббаттары шынайы. 

23 жастағы Коран есімді америкалық азамат өзі жайлы, сүйіктісімен жүрген видеоларымен бөліседі. Желі қолданушыларының ата-анасы мұндай шешімді қабылдай ма деген сұрағына жас жігіт "иә" деп жауап беретін көрінеді.

Құшақтасып, сүйісіп түскен жұптың видеолары тұрақты түрле миллиондаған көрілім жинайды. Алайда видеоға қатысты нашар пікір жазатындардың саны көп. Адамдар арасында жұптың "махаббаты" көз бояушылық деп есептейтіндер бар.

Кейбірі жігіттің сүйіктісі "апасы" сияқты көрінетінін айтса, енді бірі Коран оған ақшасы үшін көңіл бөліп жүргенін айтады.

Шерилдің өзі бұған қатысты былай дейді:

"Жаман нәрсе істеп жатқан жоқпын. Билейміз, жақсы эмоция таратамыз, біздің ортақ тұстарымыз өте көп, өзгелердің жаман пиғылдарына жол бермеймін. Менің оған қарым-қатынасым жақсы, оның маған қатынасы да. Сіздерге не жақпайды?", – деді ол.

Айтуынша, бұған дейін көңіл қосқан ер азаматы өзінен 22 жасқа кіші болған. Оның анасы өзінен үш айға ғана үлкен болғанын айтады.

"Жас – бұл жай ғана сандар, бізді бұл нәрсе алаңдатпайды. Бастысы адамның жүрегі", – деді ол.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары