“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Magnum дүкеніндегі күріштерде құрттар қаптап жүр

Magnum дүкеніндегі күріштерде құрттар қаптап жүр

TikTok желісінде Жарқын Дариға есімді қолданушы жариялаған бейнежазбада күріш қаптамасының ішіндегі тірі құрттар анық көрінеді. Видео аз уақыт ішінде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Автордың айтуынша, ол бұл супермаркетке алғаш рет келген және мұндай жағдайды алғаш рет көріп, шошып қалған. Бейнежазбада «Айдони» маркалы күріштің мөлдір қаптамасында жыбырлап жүрген ұсақ құрттар нақты байқалады.

— Бұл қандай сұмдық?! Magnum-ға алғаш келіп тұрмын, ал көргенім – осы. Қараңыздаршы, олар шынымен қимылдап жатыр. Шошып кеттім, — дейді видео авторы.

Сонымен қатар, Жарқын бұл күрішті өндіретін компания балаларға арналған ботқалар да шығаратынын айтып, алаңдаушылық білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.