Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Магнитогорсктегі апаттан қаза тапқандар саны 20-дан асты

Магнитогорсктегі апаттан қаза тапқандар саны 20-дан асты

Ресейдің Магнитогорск қаласындағы көпқабатты үйдегі апаттан мерт болғандар саны 22 адамға жетті. 2 қаңтарда құтқарушылар үйінді астынан екі ер, бір әйел адамның және үш жастағы қыз баланың денесін шығарған. Әлі 20 адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

2 қаңтар Челябинск облысында қаралы күн деп жарияланды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, көңіл айтты.

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Үйсіз қалғандар қаладағы мектептердің спорт залдарында паналап жатыр. Тергеу комитеті оқиғаны "теракт емес" деп хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин апат болған күні Магнитогорск қаласына шұғыл жетіп, оқиғаға байланысты төтенше жағдай мамандарымен жиын өткізген. Газ жарылған үйге, қалалық ауруханаға барған.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Бауыржан