Автонарықтағы тенденция: кредит қымбаттап, көлік арзандап келеді...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Маған бірдеңе болса, құжаттарымды беріңіздер": АҚШ-та жоғалған қазақстандық туралы тың дерек шықты

"Маған бірдеңе болса, құжаттарымды беріңіздер": АҚШ-та жоғалған қазақстандық туралы тың дерек шықты
kznews.kz коллажы

АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы қазақстандық Әсет Құралбай жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы туыстары Threads әлеуметтік желісінде хабарлады. Олардың айтуынша, жігіт соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Әсеттің әпкесі Алина Құралбай Newtimes.kz тілшісіне берген сұхбатында оның АҚШ-та төрт жылдан бері тұрғанын айтты. Ол Америкаға Work&Travel бағдарламасы арқылы барып, кейін сол жақта қалуды ұйғарған. Әсет Amazon компаниясында курьер болып жұмыс істеген.

Көршілерінің айтуынша, жігіт тұйық мінезді болған, ал соңғы уақытта тіпті оқшаулана түскен.

"Бізге оның ешкіммен араласпағанын айтты. Күні бойы ұйықтап, түнде ояу жүретін болған. Үй иесі: "Мен түнгі үш-төртте келсем, ол шатырда темекі шегіп отырады" деп айтты", – деді әпкесі.

Алинаның сөзінше, Әсет хабарламаларға жауап беруді тоқтатқан. Ал 7 маусымнан бастап оған жіберілген хабарламалар мүлде жетпей қалған. Бірнеше күннен кейін туыстары оның жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған.

Полиция Әсеттің көлігін үйінен бес минуттық жерде тапқан. Көлікті белгісіз бір әйел айдап апарғаны айтылды. Сонымен қатар оның үйінен жазба табылған.

"Жазбада: "Егер маған бірдеңе болса, құжаттарым мен заттарымды мына жерге жеткізіңіздер" деп жазылған. Нью-Йоркте біздің жеңгеміз тұрады, ол соның байланыс деректерін көрсеткен. Полиция жазбаның жаңа екенін, жанында қалам жатқанын айтты", – деді Алина.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді. Бірнеше сағаттан кейін министрлік АҚШ құқық қорғау органдары Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның денесін тапқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер