KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Мәдина Ералиеваның ұлы анасының қазасын қалай естігенін еске алды

• Қайсар Қанат
Мәдина Ералиева. Фото-коллаж: Malim.kz

Ол бұл естелігін "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бөлісті. Бағдарламада "Қазақтың Ақбаяны" атанған әншінің өмірі мен шығармашылығы сөз болды.

Арсен Ералиевтің айтуынша, 2000 жылғы қараша айындағы сол күн әлі күнге дейін есінде.

"2000 жылдың қараша айы әлі күнге дейін есімде. Нағима Есқалиева мен анамның достары Салман мен Алексей келіп, анамның өлімін естіртті. Басында сенбедім. Өң мен түс арасында жүргендей болдым. Үйге адамдар жинала бастады. Бүкіл әншілер, туысқандар келе бастады. Сосын біз Қызылорданың Байқоңыр өңіріне чартерлік рейспен ұшып кеттік. Анамды сол жерден денесін өзім алып келдім. Әлі күнге дейін анамның күшін сеземін. Ол мені әрдайым желеп-жебеп жүреді. Уақыт өткен сайын сағына беремін", – деді Арсен Ералиев.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →