БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Лукашенко: Беларусь жасанды интеллектпен 1960 жылдан бері айналысып келеді

Лукашенко: Беларусь жасанды интеллектпен 1960 жылдан бері айналысып келеді
Ақорда

Александр Лукашенко жасанды интеллект Беларусь үшін жаңа технология емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ол Еуразиялық экономикалық форум барысында айтты.

Лукашенконың сөзінше, Беларусь жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарды өткен ғасырдың 1960 жылдарының ортасында Минскіде Техникалық кибернетика институты құрылған кезден бастап жүргізіп келеді.

– Жасанды интеллект 70 жылдан астам уақыттан бері бар. Бұл – бүгін ғана пайда болған жаңалық емес. Біз бұл мектепті ондаған жыл бойы қалыптастырдық, сақтап қалдық және бұрынғы ортақ ел ыдыраған қиын кезеңде де дамыттық, – деді Беларусь президенті.

Ол бүгінде жасанды интеллект өндіріс, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында белсенді қолданылып жатқанын атап өтті.

– Жақын арада ауылдарда сиыр сауу үшін сауыншыларды қаладан тасуға мәжбүр боламыз, – деді Александр Лукашенко ауыл шаруашылығындағы кадр тапшылығы туралы.

Президенттің айтуынша, сүт фермаларындағы роботтандырылған кешендер қазірдің өзінде төрттен жиырмаға дейін қызметкердің орнын алмастыра алады.

Сонымен қатар Беларусь медицина саласында жасанды интеллект ауруларды диагностикалау, дәрі-дәрмек әзірлеу және кардиология, онкология мен урологиядағы күрделі операцияларда қолданылып жатқанын айтты.

– Жаңа технологиялар МТЗ және БелАЗ секілді ірі өндірушілердің техникасына енгізіліп үлгерді, – деді Лукашенко.

Оның айтуынша, цифрлық платформалар көлік, логистика, сауда және мемлекеттік басқару салаларына да енгізіліп жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.