KZNews.kz
Әлеумет

LRT-ға қалай жұмысқа тұруға болады? Компания жаңа вакансиялар жариялады

Азамат Қойшығара
Фото: gov.kz

Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеуге ниетті азаматтар үшін жаңа мүмкіндік ашылды. Астанада жүзеге асырылып жатқан жоба аясында түрлі бағыт бойынша мамандарды оқытып, кейін тұрақты жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі. Бұл LRT инфрақұрылымын пайдалануға беру алдында кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған.

Қандай мамандар қажет:

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Үміткерлердің жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы тиіс. Мамандану бағыты – көлік, машина жасау, инженерлік-техникалық, электр техникасы немесе сабақтас салалар. Сондай-ақ тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

Оқыту және жұмыс шарттары

Оқыту Астана қаласында өтеді және 4 айға дейін созылады. Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмысқа қабылданғаннан кейін лауазымына қарай бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі белгіленеді. Барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа орналасады.

Қалай өтініш беруге болады?

Түйіндемелер City Transportation Systems компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары