KZNews.kz
Шоу-бизнес

Лиз Трасс Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетті

KZNEWS

Лиз Трасс Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетті, - деп хабарлайды The Guardian.

"Лиз Трасс 45 күннен кейін премьер-министр қызметінен кетті", - делінген хабарламада.

Трас Ұлыбритания тарихындағы ең қысқа мерзімде қызмет атқарған премьер-министр болды.

Басылым мәлімдемеден кейін Трасс базарларды құлатып, екі негізгі министрден айырылып, барлық дерлік депутаттарының сенімін жоғалтқанын атап өтті.

Бұған дейін, ВВС-дің хабарлауынша, Консервативті партияның британ парламентінің мүшесі Суэлла Браверман ішкі істер министрі қызметінен кетті. Ол осы қызметте алты апта ғана болған.

фото: eadaily.com

KZNEWS
Автордың басқа материалдары