KZNews.kz
Қоғам

Lamborghini, Mercedes, асыл тұқымды жылқылар: депутат бюджет қажысын жымқырды деген күдікке ілінді

Айжан Сыланова
Фото: massaget.kz

Тергеу мәліметінше, компания Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы 7 ауданда 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген қаражатты заңсыз иемденген. Күдіктілердің арасында серіктестіктің бұрынғы директорының орынбасары мен Күршім ауданының мәслихат депутаты бар.

Қылмыстық әрекет салдарынан төрт спорт кешені мен жеті ауылға арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген. Жымқырылған қаржы көлемі 2 миллиард теңгеден асады. Ақша байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол айналымға шығарылған.

Тергеу барысында қылмыстық табысқа Астанадағы элиталық пәтерлер, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes көліктері және асыл тұқымды жылқылар алынғаны анықталды. Бұл мүліктерге сот шешімімен тыйым салынған. Екі күдікті екі айға қамауға алынды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →