KZNEWS.KZ
Әлеумет

Қызылорда облысында пара алған екі судья 9 жылға сотталды

• Жарқын Омаров
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысының Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шықты. Екеуі де 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, үкім 2026 жылғы 18 қыркүйекте шығарылған. Сот оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп таныған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, екі судьяны биыл қаңтар айында ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ҰҚК қызметкерлері ұстаған.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →