KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Құттыбек Әшірхан Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды

Қайсар Қанат
Құттыбек Әшірхан. Фото: видеодан кадр

Тарихшы әрі қоғам белсендісі Құттыбек Әшірхан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы сөз қолданысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz

Ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеу мәнерінде Орал өңіріне тән кейбір ерекшеліктер жиі кездесетінін айтып, мұндай қолданыстардың көпшілікке кең таралып кеткенін атап өткен.

Құттыбек Әшірханның сөзінше, "айтып жатырқ", "істеп жатырқ" секілді тіркестер әдеби тіл нормасына сай емес.

"Тырқ” деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. "Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?" деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек", – деді Құттыбек Әшірхан.

Тарихшы сондай-ақ «біррез» сөзінің де әдеби нормаға жатпайтынын айтқан.

Оның пікірінше, мұндай қолданыстың орнына "бір рет", "қайта", "дүркін" секілді әдеби тілге сай сөздерді қолданған дұрыс.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →