KZNEWS.KZ
Саясат

Құрылтай жанынан жастар кеңесін құру ұсынылды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Депутаттың пікірінше, Қазақстан жастары қоғамға пайдалы көптеген идея ұсынып жүргенімен, олардың бірқатары қолдау таппай, өңірлік деңгейден аса алмай қалады.

Осы мәселені шешу үшін Жастар кеңесін құру ұсынылып отыр. Оның мүшелері депутаттармен тікелей байланыс орнатып, елдегі жастарға қатысты мәселелерді талқылауға және өз бастамаларын ұсынуға мүмкіндік алады.

«Кеңес тек кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді талқылаумен шектелмеуі керек. Оның негізгі міндеті – жастардың қоғамдық өмірге қатысуына мүмкіндік беретін тиімді институтқа айналу. Ол жастар бастамаларын заң шығару күн тәртібіне енгізуге, сараптамалық тұрғыдан қарастыруға және әрі қарай ілгерілетуге жағдай жасауы керек», – деді Дана Медеуова.

Ауыл жастарының ұсыныстары да ескеріледі

Ұсынылған кеңес құрамына Құрылтай депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері, өңірлік белсенділер мен түрлі салада еңбек ететін жас мамандар кірмек.

Сонымен қатар, Астана мен Алматы сияқты ірі қалалардағы жастармен қатар шағын қалалар, ауылдар мен шалғай аудандардағы жастардың да пікірін ескеруге басымдық берілмек.

Жастар кеңесі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да атсалысып, қазақстандық жастардың бастамаларын шетелде таныстыруға көмектесуі мүмкін.

Депутаттың ұсынысы жастардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына және олардың идеяларының мемлекеттік деңгейде қарастырылуына жол ашуды көздейді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →