Жаңалықтар

Күйеуі теледидардың пульті үшін әйелін өлтіріп, 13 жастағы қызын ұрып тастаған

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Күйеуі теледидардың пульті үшін әйелін өлтіріп, 13 жастағы қызын ұрып тастаған
freepik.com

Флорида штатында тұратын ер адам Ұлттық футбол лигасы (NFL) матчы үшін шыққан жанжалдан кейін әйелін атып өлтіріп, өгей қызын жаралап, артынша өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөздің мәліметінше, 47 жастағы Джейсон Кенни 22 желтоқсанда әйелін өлтіргеннен бірнеше сағат өткен соң өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Полк округінің шерифі Грейди Джадд бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Шерифтің айтуынша, қанды оқиға Сан-Франциско мен Индианаполис командалары арасындағы NFL ойыны кезінде басталған жанжалдан кейін болған. Кристал Кенни күйеуіне теледидарды өшіруді ұсынған, ал Джейсон мас күйде болған. Дау ушыққан соң, әйел 12 жастағы ұлына 911 қызметіне қоңырау шалуды тапсырған.

Көршіге қарай жүгіріп бара жатқан кезде жасөспірім оқ атылған дыбыстарды естіген. Оқиға орнына жеткен полицейлер әйелдің көз жұмғанын, ал 13 жастағы қыздың жарақат алғанын анықтады. Қыз ауруханада ем қабылдап, қазір қалпына келіп жатыр.

"Мен одан жалындым: "Атпа, мені атпа, өтінемін", бірақ ол бәрібір атты", – деп жараланған қыз полицейлерге айтып берген.

Ұл бала аман қалған. Сондай-ақ Джейсон мен Кристалдың бір жасар қызы да зардап шекпеген, оны полицейлер бесікте ұйықтап жатқан күйінде тапқан.

Оқ атудан кейін ер адам қашып кетіп, Нью-Йорк штатының солтүстігінде тұратын әпкесіне қоңырау шалған. Ол "дұрыс емес іс жасап қойғанын" айтып, бұл олардың соңғы әңгімесі болуы мүмкін екенін ескерткен.

Кейін ол әкесінің үйіне барған. Полицейлер оны сол жерден тапты. Құқық қорғау органдары қызметкерлері Джейсонды қорадан шығаруға тырысқан сәтте, ол өз-өзіне қол жұмсады. Оның жанынан марқұм әйелінің жазып қалдырған хаты табылған.

Онда: "Сен ішесің, тағы да кокаин қолдана бастадың. Мұндай отбасы болмауы керек. Саған Құдай керек", – деп жазылған.

Тірі қалған балалар қазір әжесі мен атасының қамқорлығына берілген.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz