Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«КТК» телеарнасының басшылығы ауысты

«КТК» телеарнасының басшылығы ауысты
фото: ашық дереккөз

«КТК» АҚ жаңа Бас директоры болып Бек Кенжебай тағайындалды. Ол бұған дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бек Кенжебайдың медиа және талдау (аналитика) саласында басқарушылық тәжірибесі бар. Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, «Қазақстан», «Астана», 31-арна, «Алматы» телеарналарында еңбек еткен. 

Еске сала кетейік, «КТК» АҚ 1991 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы тұңғыш жекеменшік телеарна. Меншік иесі «Коммерциялық телевизиялық арна» акционерлік қоғамы болғанымен, «КТК»-ның 91,36% үлесіне  «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» ие.

Қор «Коммерциялық телевизиялық арна» («КТК») АҚ акцияларын 1 198 078 000 теңгеге сатып алған. Бұл туралы ақпарат Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (БҚОД) порталында 2022 жылы жарияланды. 

Биыл телеарна өзінің 35 жылдығын атап өтеді. КТК өз қызметінің барлық кезеңінде дерлік еліміздегі теленарықта жетекші орынды иеленіп келеді. TV Index телевизиялық аудиторияны мониторинг жасау және зерттеу жүйесіндегі «0+ тұрғындары бар Қазақстандағы қалалар мен ауылдар» панелінде КТК соңғы екі ай қатарынан Қазақстандағы телевизияны тамашалау деңгейі бойынша бірінші орында тұр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.