KZNEWS.KZ
Спорт

“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды

• Айжан Сыланова
Фото: Арлан Олжабай

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен иеленген алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сайыстан соң спортшының кроссовка үлгісі World Athletics ұйымының талаптарына сәйкес келе ме деген мәселе көтерілген. Ясмина Токсанбаева өз нәтижесін қорғауға тырысқанымен, кейін жүргізілген тексеріс барысында оның жарыс аяқ киіміне қойылатын талаптарды бұзғаны анықталған.

Осыдан кейін Азиада ұйымдастырушылары қазақстандық спортшының нәтижесін жойып, оны жарыстан шеттетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есептегі оныншы алтын медалінен айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Токсанбаеваның Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын жүлде салғаны хабарланған болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →