Сағымбаев, Әрінов, енді Мырзахметов: күрделі міндет неге Мемлекеттік күзет қызметінен шыққан офицерлерге жүктеледі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды

“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
Фото: Арлан Олжабай

Спортшы 42,195 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, жарысты бірінші болып аяқтаған. Алайда жарыстан кейін оның аяқ киіміне қатысты қарсыластары тарапынан наразылық білдірілген.

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен иеленген алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сайыстан соң спортшының кроссовка үлгісі World Athletics ұйымының талаптарына сәйкес келе ме деген мәселе көтерілген. Ясмина Токсанбаева өз нәтижесін қорғауға тырысқанымен, кейін жүргізілген тексеріс барысында оның жарыс аяқ киіміне қойылатын талаптарды бұзғаны анықталған.

Осыдан кейін Азиада ұйымдастырушылары қазақстандық спортшының нәтижесін жойып, оны жарыстан шеттетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есептегі оныншы алтын медалінен айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Токсанбаеваның Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын жүлде салғаны хабарланған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.