Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткерген ауыр сәті туралы жазды, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол таңертең өзін жайсыз сезініп, қорқыныш пен мазасыздық күйін бастан кешкен.
"Бүгін паникалық атакамен ояндым. Өзімді қорғансыз, жалғыз сезіндім. Қауіп сезіндім. Жүрегім кеудемнен шығып кете жаздады. Көзімнен жас парлай берді. Дереу мамаға барғым келіп, дәлізге шықтым. Бұндай сіздерде бола ма?" – деп жазды Дариға Бадықова.
Актрисаның жазбасынан кейін желі қолданушылары алаңдаушылық білдіріп, оған амандық тіледі. Көпшілік өнер иесіне қолдау көрсетіп, мұндай жағдайда жақын адамдардың жанында болған маңызды екенін жазды.
Дариға Бадықованың бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандары оның тезірек қалпына келуін тіледі.