KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Көз тимесін»: Ләйлә Сұлтанқызы бұл жолы эфирден емес, киноэкраннан көрінбек

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Тележүргізуші «Көз тимесін» комедиясында шағын рөл сомдағанын айтып, көрерменге тосын сый дайындағанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, фильм 22 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Көрсетілімді көріп үлгерген көрермендер тележүргізушіні экраннан күтпеген жерден байқап, әлеуметтік желіде жылы лебіздерін жаудырған.

Желі қолданушылары Ләйлә Сұлтанқызының жаңа қадамын құттықтап, өнердегі бағытына сәттілік тілеп жатыр. Мұндай реакцияға себеп болғаны да түсінікті: көрермен көп жағдайда тележүргізушіні студиядан көруге үйренген.

Өз кезегінде медиамаман киноға түсу ұсынысына жеңіл-желпі қарамайтынын жасырмады.

«Әрбір ұсынысты ұзақ ойланып барып қабылдаймын», – деді ол.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары