Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ковалевтің экс-бапкері қазақстандық Олимпиада жүлдегері рингке қашан оралатынын айтты

Ковалевтің экс-бапкері қазақстандық Олимпиада жүлдегері рингке қашан оралатынын айтты
Аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Дычко (7-0, 7 КО) рингке келесі жылы ғана шығады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне оның бапкері Дерек Сантос-Россарио мәлімдеді. Маман бұрын ресейлік Сергей Ковалевті (32-3-1, 28 KO) жаттықтырған.

"Дычконың белгіленген жекпе-жектері өтпей қалғаны өкінішті. Ары қарай жаттығып жатырмыз және кез келген күні жұдырықтасуға дайынбыз. Әзірге менеджреден ешқандай ұсыныс түспеді. Дычко рингке келесі жылы ғана шығады деп ойлаймын", - дейді бапкер. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 24 қараша Холливудта WBA чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (14-0, 11 КО) мен канадалық Жан Паскаль (33 - 5, 20 КО) андеркартында жұдырықтасу керек болатын. Бірнеше күн қалғанда бапкер бұдан бас тартылғанын хабарлады. 

27 жастағы Дычко жеті жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. 

Автор
Бауыржан