Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көшпелі қабылдау | "Айқын" газеті

Көшпелі қабылдау | "Айқын" газеті

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында көшпелі қабылдау ұйымдастырды.

– Жұмыс тәжірибесі бойынша азаматтар мемлекеттік құрылым бас­шыларына немесе нақты ма­ман­дарға өздерін қызық­ты­ратын сұрақ­тарды қойғысы келетінін білеміз. Бүгін азаматтарды тол­ған­дыратын сұрақтарға барлық қажетті ақпа­ратты алғашқы кез­ден білуге мүм­кіндік бар, – деді «Нұр Отан» пар­тиясы Бостандық аудандық фи­лиалының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов қатысу­шы­ларды түрлі мемлекеттік органдар өкілдерімен таныстыру барысында.
Қабылдау кезінде 100-ден астам алматылық мәселелерімен жү­гінді. Қала тұрғындары 3 сағат ішін­де тұрғын үй, жұмысқа орна­ласуға, банк несиелері бойынша төлемдер, сақтандыру компа­нияларына арыз­дар, нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру секілді ше­ші­мін таппай келе жатқан әлеуметтік мә­селелерге көмек көрсетуін сұрады.
Іс-шара қорытындысы бо­йын­ша көптеген сұрақ сол жерде шешімін тапты, әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар берілді.

Автор
Арман