Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен сенім артып, Қазақстан Халық кеңесінің төрағалығына кандидатурасын ұсынғаны үшін шынайы алғысын білдірді.
"Сондай-ақ Халық кеңесінің барлық мүшесіне, көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысым зор.
Бүгін барлғымыз үшін айрықша күн. Біз ел өміріне ерекше орын алатын жаңа институттың қалыптасқанына бүгін куә болып отырмыз. Оның жұмысына тікелей араласу құрметіне біз бүгін ие болдық. Мемлекетіміздің саяси жүйесінде халықтың мүддесін білдіретін жаңа саяси орын пайда болды.
Халық кеңесінің құрылуы – мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды әрі жүйелі саясаттың нақты жемісі", - деді ол.
Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі