Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды

Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында Ерлан Қошановтың кандидатурасын Кеңес төрағасы қызметіне ұсынған болатын.

Сайлаудан кейін Ерлан Қошанов Мемлекет басшысына өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, Халық Кеңесі мүшелерінің қолдауына ризашылығын білдірді.

"Сондай-ақ Халық кеңесінің барлық мүшесіне, көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысым зор.

Бүгін барлғымыз үшін айрықша күн. Біз ел өміріне ерекше орын алатын жаңа институттың қалыптасқанына бүгін куә болып отырмыз. Оның жұмысына тікелей араласу құрметіне біз бүгін ие болдық. Мемлекетіміздің саяси жүйесінде халықтың мүддесін білдіретін жаңа саяси орын пайда болды.

Халық кеңесінің құрылуы – мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды әрі жүйелі саясаттың нақты жемісі", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер