Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирустың пайда болу себебінің жаңа нұсқасы аталды - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирустың пайда болу себебінің жаңа нұсқасы аталды - Қазақстан жаңалықтары

Британдық барлау қызметі коронавирустың пайда болуының жаңа нұсқасын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың айтуынша, коронавирус пандемиясы Қытайдағы лабораториядан пайда болуы мүмкін. Бұл ретте негізгі нұсқа - аурудың адамға жануардан жұққаны туралы болжам жоққа шығарылмады.

Коронавирустың таралу ошағына айналған Қытайдың Ухань қаласында вирустың пайда болуы мүмкін кем дегенде екі зертхана бар. Бұл Вирусология институты және Ухань ауруларды бақылау орталығы. Соңғысында жануарларға, оның ішінде жарқанаттарға эксперименттер жүргізілген.

Америкалық биоқауіпсіздік жөніндегі сарапшы, профессор Ричард Эбрайттың айтуынша, ол осы зертханалардың ғалымдары қауіпсіздік ережелерін сақтамастан вирустарды зерттегенін көрген.

"Бұл үшін "төрт" сыныпты қорғау деңгейі қажет, ал олар тек "екі" сыныптысын пайдаланған. Ол жұқтырудан барынша аз қорғайды", — деді маман.

Өз кезегінде, Ұлыбритания мен Қытайдың ресми билігі барлау нұсқасын мойындамай отыр.


stan.kz
Автор
Еркебұлан