Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер бұрынғы қалпына келе бастады - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер бұрынғы қалпына келе бастады - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирустың кесірінен қарайып кеткен Ухань орталық ауруханасының дәрігері Ю Фанның терісі табиғи түсіне орала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қытайлық The Sun агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігердің ауруханадан өткен аптада шығарылғаны белгілі болды. 9 мамырда түсірілген фотосуреттен оның терісі әлдеқайда ағарғанын байқауға болады.

Порталдың хабарлауынша, дәрігер коронавирустан толық айыққан, бірақ жүрген кезде аздап қиналады. Сонымен қатар, Ю Фан түнде қорқынышты түстер көретінін айтқан.

Терісі қарайып кеткен тағы бір дәрігер Ху Вейфенг әлі күнге дейін ауруханада емделіп жатыр. Дәрігер коронавируспен 100 күннен астам уақыттан бері күресіп келеді.

Бұған дейін қытайлық дәрігерлердің терісі қарайып кеткені хабарланған.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан