KZNews.kz
Шоу-бизнес

Коронавируспен ауырғандардың арасында - Берлин-Алматы рейсінің жолсерігі бар - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Алматыда жаңа коронавирус жұқтырған адам туралы мәліметтер белгілі болды. Ауруды Берлин-Алматы рейсімен ұшып жүрген жолсерік жұқтырған. Бұл туралы брифингте Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирусты жұқтырған жаңа науқастың бірі - Берлин - Алматы чартерлік рейсінің стюардессасы. Ол 12 наурызда ұшып келді және сол күннен бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болды", - деді Әбілдаев.

Екінші науқас - 1997 жылы туған ер адам. 19 наурыз күні түнде Париж - Минск - Алматы рейсімен келді. Фармация ауруханасына карантинге түсті. Бүгін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Тағы бір науқас әйел - бұл шет елден келген адамдармен байланыс орнатқан қала тұрғыны, деп қосты денсаулық сақтау басшысы. Әйелде құрғақ жөтел, қалтырау, кеудедегі ауырсыну және құлақтың бітелуі сияқты белгілер болды.

"COVID-19 сынақтары 18 наурызда өткізілді. Кеше оң нәтиже алынды, науқас дереу ауруханада оқшауландыі, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы орташа.

Қазіргі уақытта қаланың уақытша ауруханаларында 696 азамат карантинде, ал 1108 адам үйде карантинінде.


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →