Алматы облысының Қаскелең қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырған алғашқы науқас 1986 жылы туған ер адам болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"17 наурызда ол Стамбул - Бішкек рейсімен ұшып келді, 18 наурызда Бішкектен Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласына автокөлікпен шыққан. Қазіргі уақытта ол стационарда карантинде жатыр, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - деді ДСМ-нің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты жұқтырудың 53 жағдайы расталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 28 адам, Алматыда - 22 адам, Қарағандыда - екі науқас, Алматы облысында - бір оқиға.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 28 науқастың ішінде төрт айлық сәби бар екені хабарланды.
stan.kz