ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Көрімдік емес, айыппұл салады-ау”: Жаңа көлігімен мақтанған Ернар Айдар заң бұзды ма?

“Көрімдік емес, айыппұл салады-ау”: Жаңа көлігімен мақтанған Ернар Айдар заң бұзды ма?
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ернар Айдар жаңа жылда өзіне қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды kznews.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

"Ассалаумағалайкум баршаңызға! Жылдың басын осылай өз-өзіме сыйлық жасап бастадым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Баршаңызға жұғысты болсын. Каспи нөмерімді білетіндер, көрімдік жіберемін десеңіздер қарсы емеспін. Алла баршамызға жар болсын", - деп жазды Ернар Айдар.

Алайда оқырмандар әншінің екі сызықты басып, жол ережесін бұзғандығын жазуда. 

"Жұлдыздарға екі сызықты басуға кім рұқсат берді? Әлде заң тек қарапайым халыққа қана жүреді ме?", "Екі сызықты басып тұрғаныңыз қалай кетті", "Патрульдік полициядан рұқсат алдың ба?", "Жүргізуші куәлігің кетіп қалмасын", "Көрімдік емес, айыппұл алатын сияқтысыз-ау", - деп жазды оқырмандар. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.