Осы жылдың 30 қазанында басталған видеобайқау 7 қарашаға дейін жалғасады. Жүлде қоры 2 млн теңгені құрайтын байқаудың нәтижесі 12 қараша күні жарияланады. Жеңімпаздарды анықтау жарияланған видеоның «лайк» жинауына байланысты анықталады, яғни қайсы видео көп «лайк» жинады, соның иесі жеңімпаз атанады. Марапаттау рәсімі 16 қараша күні Астанада өтеді.
Айта кетерлігі, Қазақстанға саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі - поляктар екені белгілі болды. Сондай-ақ таяуда Швейцарияның қазақстандық тау гидтері, шаңғы нұсқаушыларының стандарттарын жасауға көмектесетіні мәлім етілді.