KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Концертке шығар алды кетіп қалды”: Анель Аринова Кәмшат Жолдыбаева туралы шындықты айтты

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

«Кешью» тобының бұрынғы мүшесі Анель Аринова әріптесі Кәмшат Жолдыбаева туралы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Кәмшат топтан концерт алдында кетіп қалған.

«Кәмшат біз концертке шығар алдында кетіп қалды. Себебі өзінің мінезін көрсетті. Сондықтан оны алып тастады», – деді Анель Аринова.

Ал топтың тағы бір экс-мүшесі Мөлдір Әуелбекова бұл жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, Кәмшат өнердегі жолын шетелде жалғастыруды көздеген.

«Голливудқа кетемін, сол жақты бағындырамын деп кеткенін естідім. Содан ақыры солай кетті. Біз Анель екеуміз де кейін кетіп қалдық», – деді әнші.

Осылайша, топтан кету себептері әртүрлі айтылып, желіде қызу талқылануда.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →