«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Кәмшат Жолдыбаева әйелдер жамағатын құрмақ

Әнші Кәмшат Жолдыбаева әйелдер жамағатын құрмақ
фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

KeshYou тобының экс-мүшесі, әнші Кәмшат Жолдыбаеваның әйелдерден құралған жамағат құру туралы ойы бар, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, осы комьюнитиге қосылатын қыз-келіншектерді өзі іріктеп алады.

“Қыз-келіншектерді іріктеп алып, бір ай шамасында бірнеше рет кездесіп, әдемі әйел жамағатын құрғым келеді. Ол жерде тәніміздің, табиғатымыздың сұлулығын ашатын әңгіме айтамыз. Бәлкім, топтық консультация түрінде өтіп қалар. Одан кейін тыныс алу, созылу, би билеу сияқты практикалармен жалғасатын керемет кездесулер өткізгім келеді. Бұл әзірге тек ниет ретінде бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы жерге келгенде әйелдер шабыт алып, жақсы энергия алатын кездесулер өткізсем деймін”, – деп жазды Жолдыбаева.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.