«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Колумбияда спортшылар мінген автобус аударылды

Колумбияда спортшылар мінген автобус аударылды
10 Желтоқсан 2018, 09:44 166 0

Алматы, BAQ.KZ. Колумбияның Валье-дель-Каука департаментінде баскетбол командасын алып бара жатқан автобус жол апатына түсті. Алдын ала таратқан мәлімет бойынша кемінде 9 адам мерт болып, тағы 23 жолаушы жарақат алған.

El Nacional басылымының мәліметінше, көлік құралы Йотоко тас жолы бойында аударылып қалған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар ішінде жергілікті балалар баскетбол командасының мүшелері бар.

Колумбияның вице-президенті Марта Люсия Рамирес жол апатынан мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Жас баскетбол командасына көңіл айтып, тілектестігімді білдіремін», -деп жазды ол "Твиттерде".

Қазіргі кезде полиция қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Сондай-ақ апат тежегіштің істен шығуынан болуы мүмкін деген нұсқалар айтылуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар