Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Колумбия қауіпсіздік күштері "Гуачо" есімімен белгілі қылмыскердің көзін жойды

Колумбия қауіпсіздік күштері "Гуачо" есімімен белгілі қылмыскердің көзін жойды

Колумбия қауіпсіздік күштері ҒАRC лақап атымен белгілі болған революциялық әскери ұйымы көшбасшыларының бірі Вальтер Аризаланың көзін жойды.

Аризала колумбия билігімен бітімге келуден бас тартқан қарулы топтың басшысы болған. Сонымен бірге Эквадордың үш азаматының өліміне қатысы бар деген айып тағылған болатын. Оның ішіндегі екеуі Эквадор мемлекетінің журналистері болған.

«Гуачо» құпия есімімен таныс Аризалаға Колумбия және Эквадор елдерінде ең қауіпті қылмыскер ретінде іздеу жарияланған. Сонымен қатар, қарулы топтың көшбасшысы аймақтардағы есірткі саудасына қатысы бар екендігі де анықталып отыр.

Колумбия президенті Иван Дуке «Гуачоның» Колумбия қауіпсіздік күштерімен қақтығыс кезінде қаза тапқандығын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Колумбия билігі мен FARC ұйымының арасында бейбіт келісім орын алған. Қос тараптың қақтығыстарының әсерінен осы уақытқа дейін 200 мыңнан астам адам құрбан болған.

“The Qazaq Times”

Автор
Арман