KZNEWS.KZ
Қоғам

Көлсайда автокөлік жардан құлап кетті

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік жардан төмен қарай құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, - деп хабарлады департаменттен.

Видео / жазбаны ашу

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →