Көлемі өскен көкөніс экспорты: отандық диқандардың жағдайы оңалды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көлемі өскен көкөніс экспорты: отандық диқандардың жағдайы оңалды ма?

Көлемі өскен көкөніс экспорты: отандық диқандардың жағдайы оңалды ма?
Фото: naryk.kz

Биылғы қаңтар–сәуір айларында елдегі көкөніс экспорты айтарлықтай өсім көрсеткені белгілі болды. 

Ресми статистикаға сәйкес, қияр экспорты 90,7 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6 есеге артқан. Ал картоп экспорты 245,7 мың тоннаны құрап, 12,9 есе өсті. Сондай-ақ ақ, ақ қауданды қырыққабат экспорты 45,8 мың тоннаға және қырыққабаттың жалпы экспорты 47,8 мың тоннаға көбейіп, өсім 150,6 пайызға жеткен. Мұнан бөлек қызанақ 6,3 мың тоннаға, ал бұрыш 116,1 тоннаға дейін жоғарылаған.

Деп келгенде, бұл көрсеткіштер Қазақстанның көкөніс өндірісі экспортқа бағыттала бастағанын аңғартады. Әсіресе картоп пен қиярдың бірнеше есе артуы көрші елдердегі жоғары сұраныс пен отандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана бастағанын көрсетеді.

Ал отандық шаруалар өсірген көкөністердің негізгі өткізу нарығы Орталық Азия елдері мен Ресей болып отыр. Бұл біз үшін қолайлы екен. Өйткені, географиялық жақындық, логистикалық шығындардың төмендігі және көрші елдердегі маусымдық сұраныстың артуы қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып отыр.

Алайда, экспорттың мұндай қарқынмен өсуі ішкі нарыққа да ықпал етуі бек мүмкін. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін картоптың экспорт көлемі өткен төрт айда 245,7 мың тоннаға жетуі ішкі сұранысқа қысым түсіріп, нарықтағы бағаның өсу қаупін күшейтеді. Сондықтан экспортты ұлғайту ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету саясатымен қатар жүруі тиіс.

Қорыта айтқанда, қазіргі өсім еліміздің агроөнеркәсіп кешені әлеуетінің артқанын дәлелдейді. Енді бұл нәтижені ұзақ мерзімде сақтау үшін суармалы егіншілікті кеңейту, көкөніс сақтайтын қоймалар санын көбейту, өнімді қайта өңдеу саласын дамыту және экспорттық нарықтарды әртараптандыру қажет.

Екіншіден, экспорттың еселеп артуы отандық агросектор үшін маңызды жетістік. Бірақ, оның нақты тиімділігі ел ішінде азық-түлік бағасының тұрақтылығы сақталып, фермерлердің табысы өсіп, өндіріс көлемі тұрақты ұлғайған жағдайда ғана толық білінеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.