"Халық кеңесін" кім басқарады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Адамның мазасын алып, ұйқы бермейді - Бектенов

Адамның мазасын алып, ұйқы бермейді - Бектенов
Фото: primeminister.kz

Адамдардың өздері телефон арқылы 102-ге қоңырау шалып, осындай мәліметтерді баяндайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығаратын мотоцикл мен автокөлік жүргізушілеріне қолданылатын шараларды қатаңдату қажет екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz

"Ержан Сапарбекұлы, қатты шуылдайтын мото және автокөлік мәселесін біз бірнеше рет өзіңізбен бірге талқыладық. Оларға өте қатаң шаралар қабылдау керек. Әйтпесе түннің ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр. Қандай жұмыстар атқарып жатсыздар?", – деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ондай фактілер бар екенін жеткізді.

"Өздеріңізге белгілі, тәулік бойы полиция жұмыс істейді. Бүгінгі таңда цифрлық шешімдер, камералар оларға көп көмектеседі. Камералармен анықтап жатамыз. Жалпы алғанда қоғам қазір белсенділік танытып жатыр. Адамдардың өздері телефон арқылы 102-ге қоңырау шалып, осындай мәліметтерді баяндайды. Жыл басынан бері осындай 372 факті орын алды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 55 адам қамаққа алынды. Автокөліктер, мотоциклдер айыппұл тұрақтарына да қамалады. Бұл жұмысты күшейтеміз", – деп жауап берді ведомство басшысы.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.