Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қиын сәтте жанымнан табылды": Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз үндеу жасады

"Қиын сәтте жанымнан табылды": Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында 14 әскери қызметшінің өмірін қиған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздардың бірі Никита Удалов әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол қиын кезеңде өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс айтып, қаза тапқан қаруластарының отбасыларына көңіл айтты.

Никита Удалов Каспий теңізінде болған қайғылы жағдайдан кейін алғаш рет көпшілікке ризашылығын білдіріп, жанынан табылған адамдардың қолдауы өзі үшін маңызды болғанын жеткізді.

"Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп, жылы сөздерін арнап, жанашырлық танытқан барша туған-туысыма, жақындарыма және достарыма шын жүректен алғыс айтамын. Қиын-қыстау кезеңде жанымнан табылған әр адамға ризамын", – деп жазды ол.

Сондай-ақ әскери қызметші қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға сабыр тіледі.

Каспийдегі қайғылы оқиға

Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болды.

Алғашқы ақпарат бойынша, оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапқан. Кейін қаза тапқандар саны 14 адамға жеткені белгілі болды.

Никита Удалов – осы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер