Танымал жұп Жанболат пен Жазираның отбасына келін болып түсетін бойжеткен – белгілі болды. Әнші Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмиля Төлегенқызы болашақ келінмен туыстық байланысын түсіндірді, - деп хабарлайды kznews.kz.
«Кенжебектің балдызы… Кенжебектің қарындасы… Кенжебектің қайын әпкесінің қызы… Жанболат пен Жазираға келін болғалы жатқан кім? Бізге қандай туыстық қатысы бар? Осының бәрін өзім түсіндіріп берейін», – деді ол.
Жәмиля Төлегенқызының айтуынша, Лиза – Маңғыстаудың қызы, қазақылық пен салт-дәстүрді қадірлейтін отбасының келіні. Лиза ибалылығымен, инабатымен әулеттің ажарына айналды. Араға бір жыл салып, Асыл есімді қыз дүниеге келген. «Асылы деп әйгілі қазақ тілінің жанашыры Асылы Османова апамыздың құрметіне қойылды», – деп атап өтті ол.
Қазір Лиза Жанболат пен Жазираға келін болғалы жатыр. «Құдай тіл-көзден сақтасын! Келіп жатқан сұрақтарға жауап бере алдым деп ойлаймын», – дейді Жәмиля Төлегенқызы.