Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Кеткісі келмегендей көрінді": Асанәлі Әшімов соңғы кездесуінде қандай өсиет айтты?

"Кеткісі келмегендей көрінді": Асанәлі Әшімов соңғы кездесуінде қандай өсиет айтты?
ашық дереккөзден

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұған дейін Президенттің тапсырмасымен Асанәлі Әшімовпен арнайы кездескенін еске алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Асанәлі Әшімовке жеке сәлем жолдауды тапсырған.

"Президент: "Менің атымнан Асанәлі ағаңмен жолығып, сәлемімді жеткізесің" деген еді. Өткен аптада Алматыға келіп, Асанәлі ағамызбен кездестім. Қасында серік болсын деп Жүрсін Ерман ағаны, Қалқаман Саринді және өнер саласында жүрген бірқатар жасты шақырдым. Үш сағат бойы әңгімелестік. Асанәлі аға әдетінше естеліктерін айтып, сол күні ерекше ашылып сөйледі. Кеткісі келмегендей, асықпай отырды", – деді Ерлан Қарин.

Ол сол сәттегі диалогтың жүрекке ерекше әсер қалдырғанын да айтты.

"Қоштасарда: "Аға, Алматыға енді жаңа жылдан кейін келермін, сонда тағы бір жолығармыз" дедім. Сонда ағамыз: "Ерлантай, бір кезде жыл санадық, кейін ай санадық, қазір күн санайтын жастамыз. Құдай қаласа дейік", – деді. Әттең, сол күннің соңғы кездесуіміз екенін білмедім. Бірақ Президентіміздің сәлемін жеткізіп үлгердім", – деп толқыды ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер